Не істесең де, не десең де, өзің біл – Динара Мәлікова

Бұл бетте «Не істесең де, не десең де, өзің біл» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Не істесең де, не десең де, өзің біл,
Сені сүйіп көз ілгем.
Тура қарап айта алатын сөзім бұл,
Сескенбедім сезімнен.
Тым ақылды болғаныңның зардабы,
Ұстанымың тазалықтың күшінде.
Бұл өмірдің керек екен жалғаны,
қателесу үшін де.
Келмей кетсең, жек көрер деп ойлама,
о, бастан -ақ, ойларыңды түсінгем,
мен өзіңе өкпелеймін жай ғана,
сүйіп тұрып ішімнен.
Ақыл айтып, алдандыра алмайсың,
шуағымен жібітсе де күн келіп.
Кұшағыма құлап кете жаздайсың,
кетем бе деп өртеніп!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері