Бір күнәні бөліп алып екеуміз – Динара Мәлікова

Бұл бетте «Бір күнәні бөліп алып екеуміз» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бір күнәні бөліп алып екеуміз,
Періште емес пенде ғана екенбіз...
Жүрші жаным, кетейікші алысқа,
Аспан осы Қара жерден алыс па?
Қойшы, Күнім, әңгімені, күлкіні,
Әңгіме де ұмытылар бір күні...
Неге мені сағындыра бересің,
Сезімімнің қиып қойып некесін...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері