Кірпі – Өтебай Тұрманжанов

Бұл бетте «Кірпі» атты Өтебай Тұрманжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Кірпі, кірпі, кірпісің,
Емір тікен – түрпісің.
Сансыз сары найзасың,
Өзің сонда қайдасың?
Жауды көрсең, жатасың,
Садағыңмен атасың.
Тұла бойың сар садақ,
Берген саған кім қадап?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері