Сағынып жүрмін мен сені – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Сағынып жүрмін мен сені» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сағынып жүрмін мен сені,
Сағыныш ол бір ғаламат.
Көрсем ғой деген бір ойлар,
Дегбірімді де барады ап.
Өзіңсіз мені меңіреу,
Қызықтырмайды қала, бақ,
Осы бір шумақ жолдарды
Арнадым саған қалам ап.
Кетпегін бірақ мендегі
Әлсіздеу жанды жаралап.
Көлгірсулерден бол аман,
Жүрегің керек маған ақ.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері