Кетсем бе екен біржола ауылға енді – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Кетсем бе екен біржола ауылға енді» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Кетсем бе екен біржола ауылға енді,
Төтеп берер күшім жоқ дауылға енді.
«Үйсіз-күйсіз жүргенің қалай» – десе,
Не деп жауап беремін бауырға енді.
Алматыдан баспана бұйырмады,
Неге сонша барлығы қиындады.
Жұдырықтай жүрегім жаншылады,
Салмағы ауыр ойлардан миымдағы.
«Үй алдың ба», – дейді ылғи туысқандар,
Атадан бір туысып бір ұшқандар.
Жақсылықта бастары біріге алмай,
Жамандықта бір-бірін ұғысқандар.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері