Сырлас ән

Бұл бетте «Сырлас ән» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2721
Ерте тұрып жолазықты мол алып,
Таңмен бірге қызғалдақты қыр асам.
Көңіліме өз-өзінен оралып,
Меніменен жол шегеді сырлас ән.
Салып соның әуеніне ыңылдап,
Жер бетіне жазамын мен жырымды.
Құлағыма әлдене деп сыбырлап,
Әкеледі ол жұмбақ сырлы бір үнді.
Сол бір үнді қайталайды далада,
Ұйып тыңдап мөлдірейді жазда түн.
Қанат қақпай қалықтайды ауада,
Сол ән менің жан тынысым, ләззатым.
Тұла бойым бір суынып, дірілдеп,
Құлшына кеп қиял құлаш ұрғандай.
Мені сүйген бір қара көз күлімдеп,
Сол бір әннің тасасында тұрғандай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сырлас ән өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Сырлас ән өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сырлас ән өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сырлас ән өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері