Тырналар қайтып барады
Бұл бетте «Тырналар қайтып барады» атты Нұрмұхан Жанұзақұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тырналар қайтты, тыраулап.
Қара балам!
Анасы ертіп өтті ұшып далалардан.
Мойнын созып қарады туған жерге,
Осында туып-өскен паналар маң.
Күз келді.
Ертіп барад балаларын,
Тыраулайды, езеді адам жанын.
Ұшуға баулып барад балаларын,
Баулығаны сияқты аналарың.
Ұя басқан осында, көктем келіп,
Қайтып барад,
Заң солай,
Көктеп, өніп.
Табиғаттың сүйкімді ырғағы ғой,
Құс қайтты деп несіне өкпелелік?
Ажырамай барсын ол анасынан,
Даласынан Қазақтың бағы ашылған.
Сенде азамат боласың, сенде ұшасың,
Ұшақтармен бұлттардың арасынан.
Аспан көрсін, тауды ассын, теңіз көрсін,
Сенімі мен қайраты егіз болсын.
Адамзаттың сендерде бала құсы,
Сенде ұмтыл, әлемді көзің көрсін!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі