Дауыл алдындағы тыныштық – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Дауыл алдындағы тыныштық» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3174
Шекаралық бағандар
Тұр ұқсаған солдатқа.
Айнала тас, тау заңғар
Иран жатыр ар жақта.
Қарс жабылып қабағы,
Қара түнек қазандай.
Жатыр Иран жаралы
Қанатын бір жаза алмай.
Аш-жалаңаш, әл бітіп,
Көздерінен тамып жас.
Қамығады қан жұтып,
Иран қызы қарындас.
Қарап ғаріп мүскінге
Құриды ылғи жұрт мысы.
Ұшады Иран үстінде
Америка жыртқышы.
Көмейін оқ кептеген,
Зеңбіреқтер булығып.
Жасырынып шөппенен
Тасаларда тұр бұғып.
Иран қару кезенбей,
Қоймас батқан зар-мұңға.
Қазір тыныш кезеңдей,
Тұрған дауыл алдында.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері