Зығыр – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Зығыр» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2294
Жаңа жауған жаңбырдың суын кешіп,
Үй алдында тұр бұйра зығыр өсіп.
Тербеп өтсе Балтықтың тұзды желі,
Теңселеді дамылсыз күбірлесіп.
Сол үндерден құпия күбірлеген
Жүрегімде құпия жүгірді өлең.
Ойладым мен сол үйде келе ме деп,
Бір қыз өсіп жарысып зығырменен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Зығыр өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Зығыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Зығыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Зығыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері