Тамыр мен бұтақ

Бұл бетте «Тамыр мен бұтақ» атты Шона Смаханұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Терең жатқан тамырды мұқап бір күн,
Кемсініп кекетіпті бұтақ шіркін:
– Өмірде бар-жоғыңды білмейді ешкім.
Жарқырап жоғарыға келмейді өскің.
Қарашы тұрған мені көкке бойлап,
Жап-жасыл жапырағым желмен ойнап.
Мен құсап күннің көзін сүйе алмайсың,
Көз тартып жанға ләззат құя алмайсың.
– Япыр-ай, – деді тамыр, – бұл қай сөзің?
Мақтаншақ екенсің ғой тегі өзің.
Мекенім-жер қабаты болса менің,
Бұтағым, емес пе еді қамың сенің!
Дандайсып көкірегіңді бос кересің,
Менсіз сен қалай көктеп, көгересің?
Айырылсаң тамырыңнан, әсем бұтақ,
Білсеңші қаларыңды қурап, жұтап.

18 январь 1957 жыл


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер