Ана зары
Бұл бетте «Ана зары» атты Шөмішбай Сариев жазған ана туралы өлең берілген.
(1937-1938 жж. қуғын-сүргіннің азабын көргендерге арналады)
1. Тағдыр саған аразбын,
Сарғая күтіп сан аздым.
Торғайдай тұтқын болардай,
Балам-ау, балам, не жаздың?
От басың жайрап, жайқалып,
Қасірет жұтып қайғы алып,
Өзегің ел деп талғанмен,
Кете де бардың айдалып.
Қайырмасы:
Зарладым жоқтап мен неге?
Үнсізсің аспан сен неге?
Тынасың іштен жер неге?
Құрбан етіп перзентін,
Тып-тыныш жатыр ел неге?
Домбырам енді тіл бітір,
Сыйдырып шерді пернеңе!
2. Болар деп бұлай сеніп пе ем,
Тас емшекті еріткен.
Жазықсыз жапа шеккенің,
Балам-ау, балам, неліктен?!
Үзілдің ерте гүлменен,
Жау, дұшпан шығып іргеден,
Тәңірдің салған ісі ме,
Балам-ау, балам, бұл неден?!
Қайырмасы.
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі