Ұстазға

Бұл бетте «Ұстазға» атты Бақыт Жасқалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Еркін елде жүрген барлық адамдар,
Мың-мың ғалым, жүздеп батыр,
ой тоқтатып қараңдар.
Көз жіберсең кешегіңе бұрылып,
Бәріңнің де ұстаз атты санаң бар.
Уақыт атты иерімге сәл тоқталып,
Ой жіберсең өткен күнді оққа алып.
Әлпештеген ата-анаңа пара-пар,
Ұстаз аты тұрады әркез шоқтанып.
Алғаш қолың ана атты сөз жазып,
Осы сөзден қалмағайсың көз жазып.
Ұстаз сөзі – ұлы соқпақ желісі,
Күш беретін осы сөзден озбалық!
Алғашқы ілім «А» әрпінен басталып,
Абай жыры қалды есте жатталып.
Тылсымына таңқалдырған химия,
Физикамен сыры тұрар сақталып.
Алғаш ілім «Әліппеден» басталып,
Тарихым тұр өткенім боп қатталып.
Пифагор мен Ньютон заңы тұрғандай,
Көкрегінде білімдінің жатталып.
Бар жақсы өнер ұстаздық қой деп біліп,
Өстік содан қанаттанып, ес біліп.
Кім боласың десе бізден ұстаз деп,
Армандарды алға сүйреп есті – үміт.
Бар ізгілік жинап жалғыз бойына,
Жігер жанып, от қосатын ойыңа.
Ұстаздар ғой шәкіртіне дейтұғын:
«Өмір күрес, жеңілсең де мойыма!»
Жүрегіңнің тыңдар шақта арызын,
Жақсылардың қайтарғын кеп қарызын.
Сыйлап өту ұстаздарды – міндетің,
Озу одан – шын адамдық парызың!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері