Екі ақынның айтысы
Бұл бетте «Екі ақынның айтысы» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Автор:
Бір ақын салқын қанды, сөзі тұздай,
Бір ақын ізгі жанды, өзі қыздай,
Айтысып қалды бірде, ойда жоқта,
Кездескен кеңшілікте от пен мұздай.
Бірінші ақын:
Қызығын дүнияның тамаша қып,
Біз жүрміз бақ орнатып, қала салып.
Биіктеп келе жатыр үйдің көбі,
Барады кейбір адам аласарып.
Екінші ақын:
Қиындық көп қой әлі… арғымақ-ән,
Кетеді түбі, бірақ, қарғып одан.
Болуы аласаның өмір заңы,
Шарт емес биік болу барлық адам.
Бірінші ақын:
Бұл күнде мезгіл басқа, өмір жаңа,
Оянды ұйқысынан момын дала.
Келеді қанат жайып кең көшелер,
Тарылып бара жатыр көңіл ғана.
Екінші ақын:
Төгілтсе қырдан қиқу көңіл-дөнен,
Жүректе қасиет бар сенім деген.
Алайда жомарттар көп сараңдардан,
Көп көрдім жақсыларды өмірде мен.
Бірінші ақын:
Жер беті секілді ғой түсті кілем,
Адамдар әсемдеген күшті білем.
Түбінде мұзды да біз ерітеміз,
Адамзат жүрегінің ыстығымен.
Екінші ақын:
Біреу жүр қалт-құлт етіп, қалбалақтап,
Біреу жүр үйден безіп, ардан аттап.
Қап-қара біреулердің көкірегі,
Жүздері болса-дағы қардан әппақ.
Бірінші ақын:
Демессің бұл шындықты «бекер еді»,
Жоқтықта қара су да шекер еді.
Тоқтық та адамдарды сынайды ғой,
«Қой ғана семіздікті көтереді».
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі