Ақ түс – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Ақ түс» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 6119
Сүйемін түскі тауды аппақ,
Сүйемін қысқы қарды аппақ.
Сүйемін өзен жарына
Сүйеніп тұрған талды аппақ.
Сүйемін селдір бұлтты аппақ,
Сүйемін мөлдір сүтті аппақ.
Сүйемін аппақ көңілді
Ақ жаныммен құттықтап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері