Өлең, жыр, ақындар

Таразым менің

  • 27.07.2019
  • 0
  • 0
  • 8613
Әнін жазған Дүнгенбай Ботбаев

Күмбір де күмбір керуен –
Сырнайлы сыңғыр серуен.
Таразым жеткен бұл күнге,
Мыңдаған жылдар төрінен.

Қайырмасы:
Толқыса мөлдір Таласым-ай,
Арулар тапқан жарасым-ай.
Таразым менің жалғаған-ай
Батыс пен Шығыс арасын-ай,
Таразым-ай.
Таразым менің, Таразым,
Бақытқа бастап барасың,
Бақытқа бастап барасың-ай,
Таразым-ай.

Тараздық ұлы ғалымдар:
Дулати, Баласағұндар.
Тараздың перизаттарын
Жырлаған небір дарындар.

Қайырмасы.

Тараздың ашық аспаны,
Жарқ еткен жасын жастары.
Қарахан-Айша бибілер –
Ғашықтың асыл дастаны.

Қайырмасы.

Тарихы терең Таразым,
Түлеген қайта қаласың.
Бойыңда Жібек жолының
Мәңгілік нұр боп жанасың.

Қайырмасы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Лақ

  • 0
  • 0

Мойнын иіп төменге,
Селтеңдетіп құлағын,
Қарғып кетті өзенге
Ахметтің лағы.

Толық

Жайсаңдар

  • 0
  • 0

Өмірде бар ғой, шіркін, жақсы адамдар,
Көңілі – ақ шағала, ақша таңдар.
Жасанып жайнап кетер барлық әлем,
Бір сәтке көңіліңді тапса жандар.

Толық

Періште

  • 0
  • 0

Кейбір түн ішінде
Түсіме кіресің.
Періште пішінде
Көк кезіп жүресің.

Толық

Қарап көріңіз