Қорқыныш

Бұл бетте «Қорқыныш» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3224
Теңіз де жиі ойланып,
Атады көкке көбігін.
Астыңда жатқан айналып,
Естисің кейде жер үнін.
Аспан да ойға батқандай
Алады демін күрілдеп.
Өлеңін жазып жатқандай
Тұрады таулар күбірлеп.
Еседі жел де дамылсыз
Жатпайды қарап тыныш.
Толқынсыз,ойсыз,жалынсыз
Тоқтап бір қалсаң қорқыныш.
***
Суықта тоңсам қалтырап
Жылытып оты денені.
Кеудеде бір күн жарқырап
Көп жылдар бойы келеді.
Бір болып ауыр шағымда
Бәрін де алды ол қабылдап.
Түнде де менің жанымда
Жатады сол күн жалындап.
Алмайды бір де ол тыным
Құяды бойға қуатын.
Баса алмас орнын сол күннің
Жиналып келсе мың атом.
* * *
Жарқ етіп күн көзіндей
Ақ сандығын ашты гүл.
Қайда екені сезілмей,
Ән салады жас бұлбұл.
Бұтақтың бір бүршігін
Сол ма дейсің қарайған.
Көлеңкесін жыршының
Көре алмайсың маңайдан.
Жырына оның бір қанбай
Гүлдер бүркеп жасырған.
Тап жанында тұрғандай
Ән шырқайды қасыңнан.
Ішінде нүрлы дүниесі
Тұрады бірден сыр ашпай.
Шын өнердің иесі
Мен мұндалап тұрмастай.
* * *
Орта жолға ентігіп,
Келіп те қалды жас құрғыр.
Ысқырып тілден жел тұрып,
Маңдайды жапты шаш бурыл.
Бұрынғыдай құйылмай
Оралар тілге сөз жай кеп.
Бұлдырап алдың құйындай,
Мұрныңа мінер көз әйнек.
Сырынды ұғар жан таңдап,
Сөйлейсің енді абайлап.
Жан-жағыңа жаутаңдап,
Алды-артыңа қарайлап.
Аяқтан шалып білдірмей,
Алса да жылдар алқымға.
Баяғы жастық күніңдей
Көңілің бірақ қалпында.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қорқыныш өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Қорқыныш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қорқыныш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қорқыныш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері