Жүйкемнің қыл шегі

Бұл бетте «Жүйкемнің қыл шегі» атты Софы Сматаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жүйкемнің жұлқып қыл шегін
Дір етем,
қарқ-қарқ күлсе кім.
«Зың!» еткен дыбыс секірер
Қозғап бір кетіп мұң шегін.
Сазынан назы өксіген
Бұл шек құр зарды тепшіген.
Пернесі қанмен боялған
Баспашы,
қатар тек сілең.
Жүректің әні – мұң ғана,
Құлағың түріп тыңдама.
Тыңдама оны мұңдана,
Сезімсіз жүйкем – сым ғана.
Жұлқылай берме жүйкемді,
Жұлынып жұлын үйкелді.
Көк бөрім безіп кеудемнен
Ішімде ұлып ит өлді.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері