Ұлым
Бұл бетте «Ұлым» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ұлым,
Сенсіз:
Күн асты көр сияқты,
Ылдиым да алдырмас өр сияқты.
Түбі шикі тірліктің қалған азы
Түгесіліп бітпейтін шер сияқты.
Жарық дүнием жалаңбұт түн секілді,
Тірі жүру жер басып – мін секілді,
Бас көтертпес қайғының қосын жеккен
Әкешің – құл,
Анашың – күң секілді.
Қолды болған көп барым жоқ сыңайлы,
Жиғаным мен тергенім боқ сыңайлы.
Ертелі-кеш ұлимын аш қасқырдай,
Жаратқанның қарыны тоқ сыңайлы.
Үгітілген төзімім бор тәрізді,
Сергімейтін сезімім қор тәрізді.
Қанды жаспен толтырған қайран Ақын,
Төрт құбылам қазылған ор тәрізді.
Өкси-өкси өмірім біткендейін,
Өкінішті ақырын күткендейін.
...Хайыр... қош...
Демді алмаса, немді алады –
У ұсынған тағдырға сүт бер дейін?!.
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі