Тауға да ұрам

Бұл бетте «Тауға да ұрам» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тауға да ұрам,
Тасқа да ұрам
Томаршадай басымды –
Күннің көзін аспанымнан
Күздің бұлты жасырды.
Жүрек сыздап,
Өкпем өшкен,
Тарылады тынысым.
Қабырғаммен тек кеңескен
Бүйткен өмірі құрысын!
Жалқы тірлік мезі қылды,
Кімге мұңым шағайын?
Тоз-тоз болған төзімімді
Тезге салып бағайын.
Тағдыр – Жомарт:
Тоны тозбас,
Қазанаты арымас.
Сенсіз Уақыт мені жазбас,
Дерттің емге қаны қас.
Кыр гүліндей қоңыраям,
Суық шалған сабағын.
Кім теліген сені маған,
Бұзып көңіл қамалын:
«Нелер келіп,
Не кетпейді
Ер жігіттің басына?.
Сайда диірмен айналады
Көзде аққан жасыма...»


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері