Тіс жарып, тіл қатпаушы едім ешкімге
Бұл бетте «Тіс жарып, тіл қатпаушы едім ешкімге» атты Иран-Ғайып жазған тіл туралы өлең берілген.
Тіс жарып, тіл қатпаушы едім ешкімге,
Келмедің де – қалмай қойды ес мүлде.
Түн қойнында терімді үктің неге деп,
Кетістің бе – ат құйрығын кестің бе!
Жазығым не? Жазған жерім жоқ еді,
Қылғындырды қимастықтың көгені.
Таң атқанша кірпік ілмес ақынның,
Күн батқанша сары уайым – жегені...
Шын кету ме сенің осы кеткенің,
Індету ме, зар илесін деп пе едің –
Күзгі бұлттай талағың тарс айрылып,
Ізім-қайым жоғалғаның – не еткенің?!
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі