Ақтаулық арулар әні
Бұл бетте «Ақтаулық арулар әні» атты Гүлайым Дәуітбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Толқыны талбесіктей тербетілген.
Сұлулық самал ескен келбетінен.
Періште аққу едік ақ ниетпен
Каспийдің көтерілген нұр бетінен.
Арулар - арман қуған жалын жастар,
Арулар - биік самғар қарлығаштар.
Ертеңге үміт артып қалықтаған
Аққудай сырбаз мінез ару қыздар.
Жастықтың жалын болып жану мәні
Ән-думан жүрегімнің дәру бағы.
Маң дала баурайының бұлбұл құсы
Біз ерке Ақтауымның арулары.
Жасай бер асыл елім, арман елім
Өзіңнен аппақ үміт жалғап едім.
Көркейші туған елім, аспаныңда
Әрдайым әнге қосып самғар едім.
1998 жыл
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі