Бұл бетте автордың қысқаша өмірбаяны, негізгі деректері және шығармашылығына қатысты бөлімдер мен туындылары жинақталған.
Дәуітбаева Гүлайым Шынтемірқызы 1976 жылы 17 тамызда Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Сам құмында туған. 2001 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін бітірген. Облысымыздың мәдениет саласында, облыстық «Маңғыстау» газетінде жұмыс жасаған.
Өлеңдері республикалық «Егемен Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Қазақстан әйелдері» журналында және облыстық газеттерде жарияланып келеді. Облыстық деңгейдегі жыр байқауларының жүлдегері, Шотан, Сүйінғара батырлардың мерейтойларына қатысты ұйымдастырылған республикалық мүшәйралардың, «Каспий – достық теңізі» халықаралық фестивалі аясында өткен республикалық жыр додасының жеңімпазы.
2003 жылы Астана қаласында өткен «Шабыт» фестивалінің арнайы грамотасымен марапатталып, 2007 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында өткен Қазақстан ақын-жазушыларының I Форумында «Қазақ әдебиетін қолдау қорының» грантын ұтып алды.
Журналисттік салада да табыссыз емес. Жыл сайын Маңғыстау облыстық әкімдігі жариялаған түрлі байқауларда жүлдеге қол жеткізген ол 2010 жылы Астана қаласында «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты БАҚ арасында ұйымдастырған сайыстың «Лауреат дипломының» иегері. 2012 жылғы облыстық «Жыл адамы» байқауында «Жыл журналисі» атанды. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын Г.Дәуітбаева 2009 жылы Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, Маңғыстау облысы әкімінің, Ақтау қалалық әкімдігінің, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының Алғыс хаттарымен марапатталды.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі