Доспен айрылысу
Бұл бетте «Доспен айрылысу» атты Гүлайым Дәуітбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Толқып жатқан теңіздің іргесінде,
Танысқанбыз көгалды көктемеде.
Енді күздің нөсерлі бір кешінде
Қоштасамын. Сен маған өкпелеме!
Сезімсіздеу сөздерің сілкіп қалып
Танымымның түндігін түріп кеткен.
Жүрегімнің жалыны шалқып барып
Басқа жаққа жылуын бұрып кеткен.
Адалдыққа еркелеп манаураған
Шын достықтың тәттісі- мәнділікте.
Ақ таң тілеп алдыңнан алаулаған
Күліп тұрып қоштасам мәңгілікке!
2002 жыл
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі