Ақтау - арман
Бұл бетте «Ақтау - арман» атты Гүлайым Дәуітбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Маңғыстау – маңғаз түбегім,
Кие бар мұнда білемін.
Сол дала құтты төрінен
Ақтауым, ақбоз түледің!
Толқыны ұрып жағаға,
Қалқыған көкке шағала.
Каспийдей ғажап таппайсың
Әлемді шарлап арала.
Алыстап кетсем аңсадым,
Сағыныш баурап, науша мұң.
Меңіреу қара тасыңа
Теңгермес едім хан тағын.
Балқыған баққа бесігім –
Әйгілі шетке есімің.
Шөл жердің берген шырайын
Оазис десем несі мін?
Талайдың болдың арманы,
Талайдың болдың ән-бағы.
Бір келген жандар қайта алмай
Мекен ғып сені қалғаны...
Табаны берік тұғыр-дің,
Алқа ғып саған жыр ілдім.
Өткені сенде дұрыс-ау
Берілер бір рет ғұмырдың!
2003 жыл
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі