Махаббат - әлем
Бұл бетте «Махаббат - әлем» атты Гүлайым Дәуітбаева жазған махаббат туралы өлең берілген.
Бөлентіп нұрға тамылжығанда көктем-гүл,
Ақ шәлі салып, қол бұлғағанда көк сеңгір
Сағындым сені, телміре қарап сағымға
Махаббат деген - сен екенсің ғой мөп-мөлдір...
Ақша бұлт иіп, ақ жаңбырларын төккенде,
Майда жел желпіп маңдайымнан мені өпкенде.
Еркелеп тұрып есіме алдым тағы да,
Махаббат деген – сен екенсің ғой өрт - кеуде!
Ақ боз аспанның құрсағын жарып тепкілеп,
Ақ ұлпа мамық талып бір жерге жетті кеп.
Алақанымда аймалап тұрып толғандым
Махаббат - әлем жүрегіме орна деп тілеп!
1997 жыл
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі