Астанаға
Бұл бетте «Астанаға» атты Гүлайым Дәуітбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қилы тағдыр жазылып пешенеден,
Біздер запы көрмедік кеше неден?!
Тәубе етеді Тәңірге тынбай дала
Байрақты елдің бақытын еселеген.
Жақсылыққа қашанда қомағай жыр,
Шаттығымның шаршысын жобалай жүр –
Толғатқанда туған ел қуаныштан
Туды Астана толықсып Толағай-дүр.
Сенімі нық, ойы азат, арманы асқақ,
Жарқын іспен тау аспақ, жалдан аспақ.
Дүйім елдің тілегі уысында
Алып қала келеді алға бастап.
Қалып жатыр кезеңдер мұнарлана,
Шыңдар алда біздің ел шығар дара.
Үшкірулі бойыңа біздің тағдыр
Құдай таққан қазаққа тұмар-қала.
Енді қайтіп тимесін тасқа маңдай,
Болашаққа бастай бер, Астанам-ай.
Ай келбетті елімнің бас қаласы
Толғанайын сен жайлы басқа қалай?..
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі