Адасқан шабытты аңсау

Бұл бетте «Адасқан шабытты аңсау» атты Гүлайым Дәуітбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Арғымақ мініп алқынған асау дүлдүлден
Өзімше менде шабандоз болып үлгергем.
Қанжығасында жыр-торсығыммен жоғалып
Шөліркеп жырға жүрмін мен.
Дүние-сарай дүрмегі кетіп жұтап шын
Жәуһар үмітім жабырқай қалды мұқап тым.
Өлең-тұлпарым тапсын деп қазық қайрылып
Сарқыншақ жырды тұтаттым.
Шабытсыз ойдан шермиіп тұрып шер емер
Көктеме гүлдей көңілім қашан көгерер?
Мұса-тағдырдың кепешін киіп шырқайын
Жаяу-ғұмырға жанашыр болар-тек өнер!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері