Мен де сөйтем, ағатай, күліп өтем

Бұл бетте «Мен де сөйтем, ағатай, күліп өтем» атты Гүлайым Дәуітбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

«Тас пейіл тағдырыма ерегесіп
Мен енді өмір бойы күліп өтем». Рахат Қосбармақов.

Мен де сөйтем, ағатай, күліп өтем,
Тағдыр-ару жылмағай жүлік екен.
Сыңайын сезіп қалып секем алдым
Арбағанда сылаңдап түрі бөтен.
Құмар емен тәттіге мынау деген,
Жүзім-жаз,білгендерге қырау денем.
Күліп тұрып қарсы алам қайғыны да
Құдайды қорқытпайсың жылауменен.
Күлкі іздеп телміріп қармағыма
Айналдырып қайтейін арманыма.
Тарс жарып тас құрсағын тағдырымның
Тартып алып таратам жан-жағыма.
Жүрегімде мәрттікке кезек бергем,
Қайғы көрсем, қайыспан, безектемен.
Егескенде түк емес күліп өту
Күліп өлу керек деп өжеттенем.
Қашсам-дағы зілзала заманақыр
Тажал болып төнер-ау маған ақыр.
«Ей, жалған дүние» деп мысқыл жүзбен
Күліп жатқан өлікке қара да тұр!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері