Түн – тірлік

Бұл бетте «Түн – тірлік» атты Гүлайым Дәуітбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қара қазан - қара түн,
Бұрқыраған буы - бұлт.
Тіршіліктің сағатын
Қуырдақ етті қуырып.
Шөміші тұр ілулі
Жұлдыз - шоғы жылтырап.
Көкжиегім түрулі
Бақыт иісі бұрқырап.
Қара қазан - қара түн
Ағарған таң - ақ дәмім.
Болашаққа баратын
Басқа жолды таппадым


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (2)

Ерзат Әбдікен ұлы

Тамаша өлең екен,
сізде 6 буын болатын өлең бар ма, әнге керек еді,
қабарласыңшы
+7708068699

Ерзат Әбдікен ұлы

Тамаша өлең екен !!Сізде 6 буын болатын өлең бар ма?Әнге керек еді,
Қабарласыңызшы +77088068699

Осы автордың басқа өлеңдері