Өзімді жүрмін танымай
Бұл бетте «Өзімді жүрмін танымай» атты Гүлайым Дәуітбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жыртылып санам сан мыңға,
Мәңгүрт боп жүрмін, жоқ есім.
Тірлікте рас бармын ба,
Қудым ба сиқыр елесін.
Кім болдым, бұрын кім едім,
Танымай жүрмін анығын.
Қазіргі жайым білемін
Маңыған түзде тағымын.
Шыңырау ойдан қауғалап
Тартпақ та болам шәрбат жыр.
Жұқанақ тамшы қаужалап
Арманым арсыз алдап жүр.
Көңілдің көгін тазалап
Төксем-ай деймін жыр-нөсер.
Кеудемде жанып маздап-ақ
Бықсумен барып бұл өшер.
Өлеңсіз өткен күндерім,
Даңғаза тірлік –жел өкпе.
Сүйретіп жүрген сүлдерім
Өлеңнен қалған өлексе!
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі