Қызғаныш
Бұл бетте «Қызғаныш» атты Гүлайым Дәуітбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жел ысқырып еппенен
Жерді жұмсақ сипады.
Бұта риза кейіппен
Басын иді ұйпалы.
Бұлтқа кірді күн жылжып
Қызғанған-ау шамасы.
Бұлт күрсінді қынжылып
Таусылғандай шарасы.
Жел сыбырлап жүгіріп
Өңмеңдейді жабысып.
Бұта қалған бүгіліп
Еркеліктен майысып.
Жерге күнді ынтық қып
Асырды жел айласын.
Ашулы Күн быт-шып қып
Лақтырды айнасын...
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі