Жалғандық жайлы жыр
Бұл бетте «Жалғандық жайлы жыр» атты Гүлайым Дәуітбаева жазған поэзия туралы өлең берілген.
Мен де әркез үрей де, үміт те бар.
Арман да бар.
Бақытым бар, сорым бар алдан табар.
Тірі болып тұрсам да, тіршілікте
Мәңгілік атаулыға алданбағам!
Өмір деген ...
Биіктік пе?
Ол күйрейді быт-шыт боп мүжілуден.
Ал енді, тынбады ма?
Өмір осы ...Жалғасса бір үміттер
Бірі айналып уақыт құрбанына
Жоқ боп кетіп жатады үзілумен.
Біз – көрермен келіп-кетер
Жәй ғана қызығумен.
Сонда, досым, біз дегенің
Мұрат етіп өмір бойы іздегенің
Алдамшы, екен баяны жоқ Жо-жоқ!
Мен өмірге жау емеспін.
Дегенмен де, жауабы жоқ
Мен бастаған осы бір дау-егестің.
М о й ы н д а й м ы н,
Өмір- ару, ал бірақ
Опасыздық жағы басым.
Сондықтан сен қалжырап
Шындықты іздеп сабыласың.
Таптың ба сен Әділдікті,
Адалдықты, Мәңгілікті...
Олар аз ғой, жоқ тіпті.
Басым мең-зең,
жан-дүнием
жаңғырықты!
Міне, өмірдің алалығы
Тұрағы жоқ,
Жауабы жоқ, бәрібір сұрағы көп .
Адамшылық дегенім – аз, санаулы.
Итаршы боп жүгіргем Әділдікке
Осы сәтте «күркіреп Күн»
Ескерткендей «бүлікті» бастамауды.
Сен, досым, жерден іздеп Әділдік атаулыны
Алжыдың ба?
Балап жүрме біздерді әңгүдікке,
Ал шынында...
Әділдік - ол болмыстың өзінде жоқ ,
(Мұның сыры - Хаққа аян, жан біліп пе?).
Ал, әйтпесе...
Тұрар еді-ау тіршілік
М Ә Ң Г І Л І К К Е !!!
2002 жыл
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі