Жыр - дәру
Бұл бетте «Жыр - дәру» атты Гүлайым Дәуітбаева жазған поэзия туралы өлең берілген.
Жүрегім – жүрегім жыр толы
Жан сарайыма жасырдым.
Тірліктің басса кір-қоңы
Бір ұрттам жырмен қашырдым.
Бар сиқыр менде ғаламат,
Дертіңді жазбай танығыш.
Сезімді шаңнан тазалап
Жыр-сусын көрсең қанып іш!
Жарқ етіп көңіл жасындай
Көкжиек кеңіп қалды ма –
Ақынның сырын жасырмай
Ақтарып салдым алдыңа.
Жеткіздім жұртқа жаңа сыр,
Табар деп мұңның бір емін.
Жабыққан жанға жанашыр
Жыр-дәру екен білемін.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі