Құрбыларым-ай
Бұл бетте «Құрбыларым-ай» атты Гүлайым Дәуітбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Құрбыларым-ай,
Шошыттыңдар ғой!
Неліктен керек пасықтық даңғой.
Сіздерге деген сұлу сезімді
Маңдайдан ұрып жасыттыңдар ғой.
Тұнық сезімнің ластанғанына
Жанардан ащы жас тамбады ма?!
Мансаптың аттап баспалдағына
Мерейің, айтшы, аспандады ма?
Тәттіге бір сәт таласқансыңдар,
Күштінің қолын жаласқансыңдар.
Ғайбат сөз айтып, күншілдік баурап
Ақ жолдан сөйтіп адасқансыңдар.
Құрбыларым-ай,
Шошыттыңдар ғой!
Сенделтіп ойды жосылттыңдар ғой.
Адамдық жолды қарманып барып
Бұған да шүкір, кеш ұқтыңдар ғой!
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі