Қорқаулық
Бұл бетте «Қорқаулық» атты Гүлайым Дәуітбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
/парақорларға /
Тірліктің тұншықтырды тасқындары,
Жаныма жайсыз тиді тас құндағы.
Жанымды жұлқи тартты тұс-тұсынан
Өмірдің қарау ниет қасқырлары.
Тап келгенді жұмарлап жамбасына,
Тыққылайтын құлқынның дорбасына.
Қасымдағы екі аяқты қасқырлар бар
Жетерлік қорқаулығы бір басына.
Түртпектеп тірлігіңді күндей бермен,
Кейпіңнен көз қорқады дүлейленген.
Қаптаған қасқырларға жем болар деп,
Ей, қозым, өзің үшін үрейленем.
Табынып тірлік еткен тоқпағына,
Әйтеуір сол шіркіндер ырысты екен.
«Ебін тап та екі аса» шақта мына
Бәрінен қорқау тірлік дұрыс па екен?
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі