Күн мен түн
Бұл бетте «Күн мен түн» атты Гүлайым Дәуітбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жұлдыз жымындайды
Самал сыбырлайды.
Ай болса кірпік қақпай
Түннен сыр ұрлайды.
Болсада тілегені
Түн суық түнереді.
Жерді алып құшағына
Мүлгиді, тербеледі.
Жер болып ғашық жары
Түн шіркін асықпады
Бүркенген шымылдықты
Күн келіп ашып қалды.
Өзінен кетіп ерік
Түн кетті дүлейленіп.
Ақ жүзді Жер сұлуды
Күн қалды иемденіп.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі