Құдайы қонақ
Бұл бетте «Құдайы қонақ» атты Гүлайым Дәуітбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Түсім бе, әлде өңім бе дедім,
Орнаған жұмақ бақ тамып маңға.
Күлімдеп тұрып төрімді бердім
Алғашқы елші – ақ мамық қарға.
Асығыс жинап шатырын жаңа,
Күз кетті налып, алмасып бақұл.
Қыстайтын қонақ ақырын ғана
Жантая түсіп, жайғасып жатыр.
Келді ерте дедік, қыс әнін сала,
Көктемнің аулы дестік алыстар.
Айқара ашып құшағын дала
Қауышып жатыр ескі таныстар.
Сүйкімді әзір, сыпайы қандай
Құдайы қонақ бесінде жеткен.
Былтырғы долы құқайы, ойбай
Аңыз боп көптің есінде кеткен...
2000 жыл, қараша
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі