Көңілім – көгал көктемгі
Бұл бетте «Көңілім – көгал көктемгі» атты Гүлайым Дәуітбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көңілім – көгал көктемгі,
Қиялым – аспан тұңғиық.
Қия алмай тұрмын өткенді,
Қол бұлғар алдан шың биік.
Бұлттарда ұлпа бар едім,
Тау-тастан, сірә табасың.
Жайлаған менің әлемім
ГҮЛ менен АЙдың арасын.
Таба алмай түсер әлекке,
Танытқан жандар айбатын -
Сұлулық деген жүректе,
Жырымда жатыр қайратым.
Қайрылып назар бөлсең сәл,
Көңілің толар кемерге -
Айырбастамас нәрсем бар
Теңге мен таққа, беделге!
Мойныма тақсам - ай-алқа,
Басыма кисем - тәж алтын.
Жүзіктей қолда құмарта
Айналып келіп қарарсың.
Үмітпен күтем күнімді әр,
Жыр қанатында – дәуренім.
Жалғыз емеспін, жырым бар –
Жасаған Ием, тәубе мың!
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі