Толғақ

Бұл бетте «Толғақ» атты Гүлайым Дәуітбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Адыра ұйқы... мазамды ап,
Барады бір күй елітіп.
Еркімді билей ол арбап,
Елейтін емес мені түк.
Басылмай әуре аптығым,
Ұмтылдым дереу «бақанға».
Санамда ескі жатты ұғым –
«Жаныма сая табам ба?»
Кеберси қалған таңдайға,
Күш бар ма құяр нәремін.
Кеудемнен бір құс самғай ма
Дарытқандай-ақ жан емін.
Толғату деген – азап тым,
Бейнетін өстіп ұғындым.
Жай тапты жаным – азатпын:
Тәттісін сездім мұңымның!
Тербете баурап нәби-нұр,
Талықсып кеттім балбырап.
...Оянсам күлер сәби-жыр
Басқаның бәрі сандырақ!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері