Бұла күн,
Неліктен сонша жыладың?
Найзағай шалған қанатын,
Дәрменсіз мен бір қыраның.
Нұрлы күн,
Түрілмей тұр-ау түңлігің.
Көлдетпесе де көз жасым,
Дәл қазір мен де мұңлымын.
Гүрілдеп,
Көк бұйра бұлтты тілімдеп.
Аңсаған менің "КҮНІМ" боп,
Жарқ ете қалшы күлімдеп!
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі