Балтық кеші – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Балтық кеші» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2055
Айбарлы ашу жатқан кескінінде,
Күркіреп отын шашқан кешкі күнде,
Көзінен көбік атқан жер тепкілеп
Күңіренген теңіз үнін естідің бе?
Жартастар қалтырайды дәті қалмай,
Быт-шыт боп жаңқаланып атылардай.
Аунайды асау теңіз аласұрып,
Аспанды айдынына батыра алмай.
Иықтан кештің отты бұлты басып,
Дүние деңбекшиді сұрқы қашып.
Күңіренген теңіз үнін естідің бе,
Аспанмен жатқан жалғыз жұлқыласып?
Жағада жер мен көкті жатсаң бағып,
Айнала үрей отын шашқан қауіп.
Көк аспан кететіндей теңізді алып,
Көк теңіз қалатындай аспанды алп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Балтық кеші өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Балтық кеші өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Балтық кеші өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Балтық кеші өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері