Аңыздар – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Аңыздар» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2902
Балаларға айтатын
Аңыздар көп.
Соны айтпай келеміз
Қарыздар боп.
Аңыздар көп:
Аспан жайлы
Тастар жайлы,
Жазықсыз аққан жастар жайлы.
Аңыздар көп:
Аспанның қызы жайлы,
Аңыздар көп
Асқардың күзі жайлы.
Жер үсті,
Жер асты –
Толған аңыз,
Сол аңыздың айтылар шақтары бар.
Сол аңыздарда
Ата сақалының ақтары бар.
Мерт болған даланың аттары бар,
Жер ананың әжім-әжім қатпары бар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері