Жұмбақ айтыңыздар
Бұл бетте «Жұмбақ айтыңыздар» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жұмбақ айтыңыздар, шешейiк,
Жұмбақсыз ғұмыр кешейiк.
Дүние сырын барлаумен
Келе жатырмыз ғой есейiп.
Қиындық келiп бетпе-бет,
Тағдырға жүрсек өкпелеп.
Өзгеге кiнә артамыз,
Өзiмiз қалып шеткерек.
Бiреудi бiреу ұғынса,
Көңiлдiң кiрi жуылса,
Бұйығып жүрген жүректер
Бiрiнен-бiрi жылынса.
Жауапсыз сұрақ қалар ма,
Дүние жұмбақталар ма?
Бiреудiң асыл сезiмi,
Бiреуге жұмбақ болар ма?
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі