Қыздардың махаббаты
Бұл бетте «Қыздардың махаббаты» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қыздардың махаббаты
Ыраңды сайдағы ыза суындай
Өз көзiн өзi аша алмайтын,
Арнасынан ауытқып аса алмайтын,
Қыздардың махаббаты тамшы тектес
Қолдан жасалмайтын.
Қыздар, қыздар!
Тамшыдай мөлдiрейсiңдер,
Бақыттың терезесiнен телмiресiңдер.
Өз махаббаттарыңды ешкiмге
сездiрместен
Өз кеуделерiңде сөндiресiңдер.
Қыздардың махаббатын ұғу үшiн
Жаз болып жайнап,
Қыс болып суу керек;
Қыздардың махаббатын ұғу үшiн
Қыз болып туу керек!
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі