Зеренді қызы

Бұл бетте «Зеренді қызы» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Толқып жатыр Зерендi
Сен отырсың қойтаста.
Оқи берме өлеңдi,
Кiтабымды қой, таста.
Толқын бүрiккен көбiктен,
Көйлегiң су болса да.
Ынтығасың нелiктен,
Жырларыма соншама?
Ернi жүйрiк толқындар
Балтырыңнан көп сүйдi.
«Суға түсiп, салқындар
Ойың жоқ па?» деп сүйдi.
Көп берiлiп өлеңге,
Қиял қуып күрсiнбе.
Жырларымның сен әлде,
Толқынында жүрсiң бе?
Менiң бүкiл жырымнан
Сұлу екен Зерендi.
Ол да құшсын денеңдi,
Шомылайық, кел ендi!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері