Ленин комиссарлары – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Ленин комиссарлары» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 1843
Қадап қызыл жалауларды,
Октябрьді елге ұқтырып,
Тік көтеріп алаңдарды,
Өлді олар сөйлеп тұрып.
Пулеметтер жалын құсып,
Бұрқыраған атыс күнде,
Жалаулардай жалын құшып,
Өлді олар ат үстінде.
Өзгелерге өмір беріп,
Бақыт күнін шапшаңдатып.
Өзін күтпей көңіл бөліп,
Жүрді олар аштан қатып.
Бастап алға жүгірді олар,
Революция солдаттарын.
Айқастарда жығылды олар,
Өзіне атып соңғы оқтарын.
Комиссарлар, комиссарлар,
Ішінде ұлы жұмыстардың,
Арасында тірілердің,
Ортасында құрылыстардың,
Арасында бүгін елдің,
Комиссарлар, комиссарлар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері