Арал теңізі – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Арал теңізі» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 9160
Тұратын жер жоқ дүзде ықтап,
Тұнжырай басқан құмын бұлт,
Жүйкені құртқан сыздықтап,
Жылымшы желі жұлын құрт.
Келтірмей мылқау күш тілге,
Талайды жұтқан сор Арал.
Шағала шулап үстінде,
Жыртысқа жыртқан орамал.
Ерекше бүгін базарлы,
Қомдаған қанат кең жайып,
Іліп ап сары сазанды З
улайды құстай жел қайық.
Халық та бүгін теңіздей,
Асығыс ала-сапыран.
Соғады жаңа леп үзбей
Ленин жазған хатынан.
Сол хатты алып қолына,
Болады бәрі пәруана.
Тартады поезд жолына,
Поезы қырдың аруана.
Теңізге жалпы халық боп,
Жасайды енді иелік.
Жатқандай Арал балық боп,
Поезға жедел тиеліп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арал теңізі өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Арал теңізі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арал теңізі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арал теңізі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері