Ұстазым

Бұл бетте «Ұстазым» атты Аманжол Шамкенов жазған ұстаз туралы өлең берілген.

Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын,
Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын.
Есімде әліппені жаттатқызып,
Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның.
Ұстазым, менің ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс, жазым,
Қалдырған ізін мәңгілік,
Жадымда тұрар жаңғырып.
Ұстазым, менің ұстазым.
Зердемді сен ашпасаң не өтер едім?
Өмірден сыбағасыз өтер едім.
Ғажайып дүниенің сырын жайып,
Қияға қызықтырып жетеледің.
Өзіңнен өмірге азық ала бердім.
Ұшырып мені алысқа, қала бердің.
Бойымда отың кетті ұшқын атқан,
Келеді жана бергім, жана бергім.
Ұстазым, менің ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс, жазым,
Қалдырған ізін мәңгілік,
Жадымда тұрар жаңғырып.
Ұстазым, менің ұстазым.

1960


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері