Жауынгер әнші Поль Робсонға
Бұл бетте «Жауынгер әнші Поль Робсонға» атты Зияш Қалауова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ол жырлайды құлдықтың ащы зарын,
Еркіндікті сүйетін ынтызарын.
Ол жырлайды қайғысы негрлердің
Жаны күйіп, жүрегі атқан жалын.
Еркіндіктің самалы — оның әні,
Өз халқының ғасырлар аңсағаны.
Ел аралап, жұрт кезіп, тыным таппай
Бейбітшілік ұраны жырлағаны.
Оның үні қырандай саңқылдаған,
Серпілгендей үнінен қара тұман.
Дауылпаздай қанаты бұлтты жарып,
Бейбітшілік дабылы ол шырқаған.
Нажағайдай, ұшырып жау зәресін,
Ол жырлайды ерліктің өнегесін,
Қанат қағып, қырандай қалықтайды,
Бостандықтың көтеріп дәрежесін.
Домналарда жүргендер болат құйып,
Шахталарда тау-төбе көмір үйіп,
Жүрегімен елжіреп тыңдайды оны
Жүрген негр ыстықта мақта жыйып.
Зеңбіректей, жауыңа үні сенің
Кигізетін талқандап қанды кебін, —
Қуатты әнi олардың атомынан
Жауыздықтың жояды ол келешегін.
Сенің жырын мәңгіге өшпек емес,
Бостандыққа шақырған елді шарлап.
Мұхиттарды тербетіп, күз жаңғыртып
Шарықтай бер, өрлей бер көкке самғап.
Жырлап сұлу дүние шұғыласын,
Төккен жырдың гауһардай қазынасын,
Жасыл бақша аңсаған, жайлы шуак,
Сүйеді әлем негрдің сандуғашын.
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі