Бұрғышы
Бұл бетте «Бұрғышы» атты Зияш Қалауова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өзегін тастың үзгендей,
Үңіле түсіп бұрғышы.
Жүрегін қатты тілгендей,
Сүңгіді тасқа бұрғысы.
Қара тас бусап шытынап,
Қабырғасы сөгілді.
Ағысындай өзеннің
Лықсып бір төмен төгілді.
Бұрғының үні басқандай,
Көмір мен тастың күйіне.
Беріле қойын ашқандай,
Төгілді кен үйіле.
Бесжылдықтың жоспарын,
Орындады бұрғышы.
Бұдан да артық халқымның
Гүлденсін деп тұрмысы.
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі